скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Жаңалықтар

16.06.2017 г.

«Азаматтық бақылау» жобасы

2017 жылдың 14 маусымында «Ақжол» шағын және орта бизнесті қолдау қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің тапсырысы аясындағы «Азаматтық бақылау» жобасын іске асыру негізінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінде сот кабинетін жұртшылыққа кеңінен таныстыру бойынша акциясын өткізді.

Мақсаты – сот жүйесінің ашықтығын арттыру, тұрғындармен тікелей қатынасу деңгейін төмендету болып табылады.

«Сот кабинеті» сервисі Қазақстан Республикасы сот органдарына арыздарды, өтініштерді, шағымдар және хаттарды жіберу үшін арналған. Ол үшін сізде электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы жеткілікті.

Сіз аталған мәселе бойынша 1401 call-орталығына көмекке жүгіне аласыз.

Қоғамдық қабылдау өз қызметін одан әрі аптаның сенбі және жексенбі күндерінен басқа, күнделікті негізде жұмыс жасайды. Толғандырған мәселелер бойынша халықты қабылдау ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады.

Сонымен қатар, аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері сағ. 15.00-17.00 аралығында мемлекеттік органдардың басшылығы қабылдаулар жүргізетін болады.

«Қоғамдық қабылдау» орнының мекен-жайы: Орал қаласы, Т.Масин көшесі, 67-үй, 1 қабат. Байланыс мәліметтері: 330511, 8 708 433 05 11.


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келе ме?

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы