скрипт для АДГС

Стиль для галереи

You are here

Департаменттің қызметі туралы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ 2016 ЖЫЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ

АҚПАРАТ

Мемлекеттік қызметті өткеру

Батыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік қызметшілердің штат саны 4444 бірлікті құрап отыр: оның 7-і саяси, 19-і «А» корпусы, 4418-і «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілер. Нақты мемлекеттік қызметшілердің саны 4211 адам, бос лауазымдар саны 233.

20156 жылы Батыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік органдарда 1461 бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурс өткізіліп, оған жалпы саны 1842 адам қатысты, бір орынға орташа есеппен 1,3 адамнан келді. Конкурстар нәтижесінде 846 үміткер жеңімпаз ретінде мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасты.

2016 жылы Батыс Қазақстан облысында 2637 адам тестілеуге қатысып, тестілеудің оң нәтижесін алуына байланысты
1172-і  тестілеу сертификаттарына ие болған.

Өңірлік оқу орталығында біліктілігін арттыру курстарынан облыстағы мемлекеттік органдардың 1134 мемлекеттік қызметшісі өтсе, қайта даярлау курстарынан 436  мемлекеттік қызметшісі өткен.

ИАЖ «Е-қызмет» енгізу және жұмыс істеуі

«Е-қызмет» ЫАЖ облыстың мемлекеттік органдарында енгізу бойынша:

Батыс Қазақстан облысы бойынша қазіргі уақытта барлық аудандық, қалалық және облыстық атқарушы мемлекеттік органдар, сонымен қатар орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері жүйеде штаттық режимге көшіріліп, 388 мемлекеттік орган «Е-қызмет» ЫАЖ-де автоматты режимде жұмыс жасауда.

Өңірдегі барлық мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметкерлеріне жүйеде жұмыс жасау барысында әдістемелік және ақпараттық көмек үнемі көрсетілуде. Аталған мемлекеттік органдар «Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы» АҚ-ң саll-center қызметкерлерімен жүйеде туындаған сұрақтар және мәселелер бойынша тығыз жұмыс жасауда.

Сыбайлас жемқорлық профилактикасы

Департаментпен 2016 жылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша 381 іс-шара 27,0 мыңға жуық адамның қатысуымен өткізілді.

Мемлекеттік қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің, азаматтық қызметшілердің, квазимемлекеттік сектор, бизнес-қауымдастықтың, қоғамдық бірлестіктердің, діни және этномәдени бірлестіктердің, жастар ұйымдарының, БАҚ, ҮЕҰ өкілдерінің, студенттер мен оқушылардың қатысуымен 263 лекциялар мен семинарлар өтті.

Талдау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында 2016 жылы Департаментпен 17 мемлекеттік орган мен ұйымдарда сыбайлас жемқорлық тәуелдеріне сыртқы талдау жүргізілді (9 мемлекеттік орган және 8 квазимемлекеттік сектор субъектілері).

Жүргізілген талдау қорытындылары бойынша  сыбайлас жемқорлық тәуекелдері болып табылатын 194 фактор анықталды, олар:

талдау субъектілерінің қызметін реттеуші нормативтік құқықтық актілердегі коллизийлердің болуы;

мүдделер қақтығысының болуы;

мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әкімшілік кедергілердің болуы;

мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарында көрсетілмеген құжаттарды қабылдау;

қызмет көрсетуші мен қызмет алушының арасындағы тікелей байланыс;

дискрециялық құзіреттіліктердің болуы;

мемлекеттік қызмет көрсетудің жекелеген сатыларында құқықтық реттеулердің болмауы;

мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттер нормаларының басқа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келмеуі.

Мемлекеттік қызмет саласын бақылау

Мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың қолданылуына және мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдептің сақтауына мемлекеттік бақылау жүргізу шеңберінде 2016 жылы Департаментпен 43 тексеріс жүргізілді, оның ішінде: 4 – ішінара тексеру, 39 – жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде.

Жүргізілген тексерулер нәтижесінде мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын бұзу мен қызметтік әдеп нормаларын сақтамауға қатысты 220 заңбұзушылық  анықталды.

Есептік кезеңде Әдеп жөніндегі кеңестің 11 отырысы өткізіліп, онда 73 мәселе қаралды.

2016 жылы Кеңеспен 54 тәртіптік іс қаралды. Қаралу нәтижесі бойынша Кеңеспен келесі ұсынылды:

- 32 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жаза қолдануға, оның ішінде, 20-сы мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бергені үшін, 12-сі Әдеп кодексі талаптарын бұзғаны үшін. Кеңестің барлық ұсыныстары орындалды.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласы

Департаменттің 2016 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы заңнама талаптарының сапасына 85 ішінара, 17 жоспардан тыс тексерулер жүргізілді.

Тексерулер нәтижесімен 29864 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнама талаптары бұзылғаны (17 жағдайда көрсетілген қызметтердің мерзімдері сақталмағаны, 29270 қызмет стандарт пен регламенттерде көзделген құжаттардың толықтығы болмағанына қарамастан, көрсетілгені, 457 жағдайда заңнамамен көзделмеген құжаттарды талап еткен, және 120 өзгеде мемлекеттік көрсетілетін  қызметтер саласындағы заңнама талаптарын бұзу фактілері) анықталған.

Анықталған жайлар бойынша енгізілген 74 ұсыныстар нәтижесімен 49 қызметкерге тәртіптік жазалар қолданылса, оның 31-не «ескерту», 16 - «сөгіс», 2– «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» берілген.

Мобильді нұсқа RSS Сайт картасы